Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде мемлекеттік қызметшілер айтысты

24.06.2022, 12:00 381

HALYQLINE.KZ «Әу» демейтін қазақ жоқ» демекші, домбыра тартып, күй күмбірлеткенді жаны қаламайтын қазақ жоқтың қасы. Осыған орай, Шиелі ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, «Мемлекеттік қызметшілер жырлайды» атты арқалы айтыс өткізілді.

Айтысты аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып беріп, ауданымыздың тумасы, елімізге белгілі айтыскер Ержан Әмірұлы жүргізіп отырды.

– Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Шайтмағанбетұлы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының міндетін атқарушы Жадыра Камалқызы;

– аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жакеев Дәурен Нұрбайұлы мен Талаптан ауылдық округінің әкімі Өмірәлі Амангелді Шералыұлы;

– Тартоғай ауылдық округінің әкімі Сүйіндік Досмат Исахайұлы мен аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы;

– Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы мен Талаптан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы;

– Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шакиева Запура Қолдасқызы мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы жұп болып, өнер көрсетті.

Әділ қазылар алқасы әрбір жұпқа өз бағасын беріп, пікірін білдірді. Айтыс нәтижесі бойынша Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы мен Талаптан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы бас жүлдені жеңіп алды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: