Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына 10 күн қалды

20.12.2023, 15:55 237

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі осы жылдың 23 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін, елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Қазіргі таңда Республика бойынша 239 мыңнан астам ал, облысымызда 18 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін ғана қаралатындығын хабарлаймыз.

Уақыттың шектеулі екенін яғни, 10 күннен аз уақыт қалғанын ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: