Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шағын бизнесті дамытуға ынталы кәсіпкерлерді қолдау керек

20.04.2022, 10:00

HALYQLINE.KZ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен селекторлық режимде Үкімет отырысы өткізіліп, елдегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіптік білім беру оқу орындарында маман даярлау мәселелері қаралды.

Жиынға тиісті сала басшылары мен барлық өңірдің әкімдері қатысты. Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірге “Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту” тұжырымдамасын сапалы іске асыруды, мемлекеттік органдармен бірге тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде бизнесті мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жиыннан кейін Нұрлыбек Нәлібаев облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысына шағын және орта бизнесті дамытуға ынталы кәсіпкерлерді белсенді түрде тартып, оларды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау қажет екенін, ал білім басқармасының басшысына мамандарды даярлау бағытында еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жұмысшы кадрларды оқыту бойынша әрбір басқармадан ұсыныс жинақтап, талдау жасауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: