Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенаторлар Сыр еліне келді

27.10.2022, 15:40 150

HALYQLINE.KZ Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Қызылорда облысында болды.

Сенаторлар Қызылорда қаласындағы «Orda School» мектебінің жұмысымен танысты. Парламентшілер оқу орны барлық білім беру стандарттарына сәйкес салынғаны және заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталғаны туралы хабардар болды.

Мекеме сонымен қатар математика және ағылшын тілі сияқты пәндерді терең оқытуға да бағытталған. Мектептің дамуы барысының нәтижесінде мұнда 178 педагог пен 28 техникалық қызметкер тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Депутаттар Мемлекет басшысының білім беру саласын дамытуға баса назар аударатынын атап өте келіп, еліміздегі осы саланы дамытудың ерекшелігі мен маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келіп, аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің құрамы СЫрдария ауданындағы кәсіпкерлік саласының дамуымен танысып, кәсіп иелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Комитет төрағасы Д.Әділбеков бастаған Сенат депутаттары Е.Сұлтанов, С.Алдашев, Б.Қаниев, Ә.Құртаев, С.Лұқпанов, Е.Мамытбеков, З.Уашова, А.Ахметов, М.Бақтиярұлы алдымен республикаға белгілі ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Сенаторлармен облыс әкімінің орынбасары Н.Аманұлы, аудан әкімі М.Ергешбаев бірге жүрді. Ауылдың әлеуетімен Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев таныстырып, халық қалаулылары мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған әлеуметтік нысандарды аралады. Елді мекендегі спорт кешеніне барып, ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жасалған жағдайды көрді. Оған қоса, ауыл мұражайында болып, елді мекен тарихына қанықты. Содан кейін ауылдық мәдениет үйінде кәсіпкерлермен еркін форматта кездесу өткізді.

Кездесуде халық қалаулылары мемлекет тарапынан кәсіпкерлікпен айналысатын ел тұрғындарына мол мүмкіндік жасалып жатқанын жеткізді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпті дөңгелетуге, әрі қарай кеңейтуге, әртараптандыруға болатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ел экономикасын ілгерілетуде кәсіпкерлердің рөлі зор екеніне тоқталып, негізгі басымдық кәсіпкерлік саласына бағытталып отырғанын айтты.

Кездесуде аудандағы шаруашылық құрылымдарының төр­аға­­лары мен жеке кәсіпкерлер өздерінің ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті дамытуға берілетін несиеге кепіл­дікке қойылатын мүлік арзан бағаланатынын атап, соның салдарына несие алуда кедергілер болатынына тоқталып, осыны көбейтуге қатысты ұсыныс жеткізді. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері тарапынан түрлі бағытта төменгі па­йызбен берілетін несиелерді көбейтуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: