Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ринат Зайтов: Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ

20.06.2023, 17:04 975

HALYQLINE.KZ

Парламент мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов Аbay livey YouTube арнасына сұхбат берді.

«Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ. Ол мемлекетте жұмыс істеді тек. Егер Назарбаев ұлтқа қызмет еткенде қазір біздің мемлекеттік тіліміз тек қана қазақ тілі болып, отыз жылдың ішінде бәріміз қазақша сөйлеп жүретін едік. Егер ол кісі ұлтқа қызмет етсе бізде опера, балет емес, қазақтың дәстүрлі жырларының театры, айтыстың театры, дәстүрлі әннің, күйдің бөлек театры болар еді. Халықаралық деңгейде қалыптасып, бүкіл әлемді дүркіретіп жүретін еді. Егер ол ұлтқа қызмет етсе нәтижесі көрінетін еді ғой. Сол себепті мен о кісі ұлтқа қызмет етті дей алмаймын. Басшының қызметін атқарды», – деді ақын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: