Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған азаматтар арасында топтық қабылдау өтті

19.03.2024, 17:20 203

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында №37,60,68 мекемесі және Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының инспектор психолог мамандары топтық қабылдау өткізіп, өзіндік сұрақтары бойынша жауап берді.

Жазасын өтеуші азаматтар психолог мамандарына бостандықтан кейінгі өмірге бейімдеу және қайта қылмыс жасаудың алдын-алу тақырыптары бойынша өзекті сауалдарын қойып, ой бөлісті.

Жалпы, қазіргі қоғамда кез-келген тұлға психолог мамандарына жүгінеді. Бірі жеке мәселелері бойынша жолықса, енді бірі күйзеліс тақырыбында ой қозғайды.  Ал, қылмыстық жазасын өтеу орындарында психологтың болуы ол шарт. Себебі, айыпталушылар мен тергеудегі және сотталған азаматтардың жазасын өтеу орнына келгенде ойларында бірнеше сұрақтар болып маза бермейді. Мұндайда психолог мамандары жеке қабылдаудан өткізіп, тест сұрақтарын ұйымдасырып, ойын ашық жеткізу мақсатында түрлі тренингтер өткізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: