Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 100-ден аса инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

06.08.2022, 10:00 370

HALYQLINE.KZ Биыл Сыр өңірінде энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында 17,3 млрд теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге асырылуда. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі мәжіліс өткен еді.

Жиында Мархабат Жайымбетов жұмысты жеделдету керектігін ескерткен болатын.

– Жарты жылдың көрсеткіші қанағаттанарлық. Дегенмен, бөлінген қаржыны жылдың аяғына дейін ысырып тастап, қарап отыруға болмайды. Жаздағы құрылыс жұмыстарына қолайлы кезеңді пайдаланып, құрылысшылардың жұмысын қадағалау керек. Қаржы бар, тек жұмысты жеделдетіп, нысандарды уақытылы ел игілігіне беруге жұмыс істейік. Бұл мәселенің барлығы да аймақ басшысының жеке бақылуында, – деді М.Жайымбетов.

Мәжілісте Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен Арал ауданында Ақбасты, Тоқабай, Абай елді мекендерін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу жобасының жүзеге асырылу барысы да айтылды. Жиын қорытындысымен аталмыш жобаларға қаралған қаралған қаржыны тиімді игеріп, белгіленген мерзімде іске қосу тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: