Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда су жүйесі» жаңа жобаны жүзеге асырмақ

24.05.2021, 14:30 396

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Ғанибек Қазантаев «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне барып, мекеменің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа жобамен танысты.

Жаңа жоба су өлшегіш құралдарының көрсеткішін қашықтықтан қабылдауды негізге алған. Яғни, мекеме дәстүрлі түрдегі тексерістен инновациялық тәсілге бет бұруды көздеп отыр. Бұл жобаны жүзеге асыруға Қызылорда су жүйесіне «Orda Rec» ЖШС көмектеспек. Еліміз бойынша радиомодемь арқылы пайдаланылған ауыз судың мөлшерін есептеуді автоматтандыруды жүзеге асырған компания енді бұл жобаны Қызылорда қаласында да қолға алуға ниетті.

Су жүйесі мекемесінің басшысы Марат Жәмиевтің айтуынша заманауи жоба мекеме қызметкерлерінің жүктемесін азайтумен қатар штат санын қысқартуға да мүмкіндік жасайтын көрінеді. Сонымен қатар, «тұрғындар ауыз суға төлем жасауда электрондық тәсілдердің тиімділігін пайдаланып, уақыттарын үнемдеуге де мүмкіндік алады» – дейді.

Өз кезегінде қала әкімі жаңа жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін өндірісте тексеріп көру керектігін баса айтып, әзірге сынақ режимінде тәжірибеден өткізуді тапсырды.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: