Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 4 ай ішінде әлеуметтік-экономикалық даму байқалады

16.05.2023, 14:00 198

HALYQLINE.KZ Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.Үкімет басшысы есепті мерзімде барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім тіркелген өңірлерді атап өтіп, оның ішінде Қызылорда облысында оң динамика қалыптасқанын айтты.

«Төрт айдың қорытындысы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында барлық макрокөрсеткіштердің өсімі тіркеліп отыр», – деді Әлихан Асханұлы.

Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында экономиканың барлық салаларында оң өзгерістер болғанын атап өтіп, әсіресе құрылыс жұмыстары мен инвестиция тарту бойынша өсім қалыптасқанын айтты.

«Экономиканың барлық салаларында оң динамика байқалуда, оның ішінде құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салаларында ең жоғары өсім тіркелді. Өңірлер арасында Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары көрсеткіш қалыптасты», – деді министр.

Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша Қызылорда облысы жоғары өсу қарқынын көрсетуде.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жиын өткізіп, Премьер-Министр қойған міндеттер бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда аймақ даму көрсеткіштері бойынша ілгерілеу орын алғанымен, әрі қарай қарқынды жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: