Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстан президенті мәлімдеме жасады (Видео)

06.10.2020, 10:50 962

HALYQLINE.KZ Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі дүмпуден кейін үндеу жасады, – деп хабарлайды «АКИpress» басылымы.

Видео ел президентінің ресми YouTube-каналында жарияланды.

«Өткен түнде саяси күш өкілдері мемлекеттік билікті заңсыз басып алуға тырысты. Олар сайлаудың қорытындысы сылтау етіп, қоғамдық тәртіпті бұзды. Тұрғындардың бейбіт өміріне зиян келтірді. Олар құқық қорғау органдарына бағынбады, дәрігерлерді ұрды және ғимараттарды бұзды. Мен қарулы күш органдарына оқ атпай, қан төкпей, бірде-бір азаматтың өміріне қауіп төндірмеуді бұйырдым. Біз жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қолдан келген шараның бәрін ұйымдастырдық», – деді Жээнбеков.

«Мемлекеттегі тыныштық, қоғамның тұрақты болуы кез келген депутаттық шеннен құнды. Мен Орталық сайлау комиссиясына барлық заңбұзушылықты мұқият тергеуді және қажет болса сайлау қорытындыларын жоққа шығаруды ұсындым», – деді президент.

Ол саяси партиялардың басшыларын өз жақтастарын сабырға шақырып, адамдар шоғырланған жерден алып кетуді ұсынды.

«Барлық отандысымды тыныштық сақтауға және арандатушы күштерге еріп кетпеуге шақырамын. Еліміздің бейбітшілігі және қоғамның қауіпсіздігі – ең маңызды құндылықтар. Мен барлық күшті ел тағдырын саяси амбициядан жоғары қойып, құқықтық алаңға оралуға шақырамын», – деді  Жээнбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: