Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Жеңіс парадын өткізбейді

25.04.2023, 9:30 330

HALYQLINE.KZ Қазақстан қорғаныс министрлігі 9 мамырда әскери парад өтпейтінін хабарлады. Министрлік «бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық шағын іс-шаралармен шектелетінін айтқан

Елімізде әсери парад 2020 және 2021 жылдары COVID-19 (коронавирус) індетіне байланысты өткен жоқ. Қорғаныс министрлігі 2022 жылы да ақша үнемдеуді алға тартып, парад өтізбеді.

Соғыс жағдайындағы Ресейде бұл аталған үрдіс жалғасын табады. Тек Украинамен шекарадағы облыстарында да 9 мамырға байланысты парад өтпейді.

Ресейдің «Ведомости» басылымы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына шетелден тек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысатынын хабарлады. Былтыр Мәскеудегі парадқа Орталық Азия елдері басшыларының ешқайсысы барған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: