Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан қарақалпақ белсенділеріне саяси баспана беруден бас тартты

15.08.2023, 10:39 136

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Өзбекстан өтініші бойынша Алматыда ұсталған қарақалпақ белсенділері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке саяси баспана беруден бас тартты. Бұл туралы Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай мәлімдеді.

Оның сөзінше, тиісті шешімді Қазақстанның азаматтық мәмілер бойынша комиссиясы 31 шілдеде қабылдаған. Бірақ бұл жөнінде енді белгілі болды.

Төрмұратов мен Жақсымбетов 2022 жылы қыркүйекте өзбек билігінің өтініші бойынша Алматыда ұсталған. Өзбекстанда оларға елдің конституциялық құрылымына қол сұғу» бабы бойынша айыпталып, халықаралық іздеу жарияланған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы белсенділерге саяси баспана беруді сұрап, қазақ билігіне өтініш жасаған.

Былтыр 1-2 шілде күндері Қарақалпақстан орталығы Нүкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстанның Конституциясынан автоном республика бабын алып тастау жөніндегі ұсынысқа қарсы шыққан. Митингдер күшпен басылып, қан төгілген.

Өзбек билігі 18 адам қаза тапқанын, 516 адам ұсталғанын мәлімдеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: