Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазантаев қоғамдық көліктің мәселесін демалыс күні талқылады

25.10.2021, 9:30 233

HALYQLINE.KZ Әдеттегідей демалыс күнге қарамастан қала әкімінің қатысуымен коммуналдық салалардың мәселелері талқылануда.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында мекеменің негізгі мәселелері жан-жақты сараланып, қаржылық жағдайы мен оны оңалту жолдары талқыланды. Бүгінгі күні парк теңгеріміндегі автобустардың 50% күнделікті бағыттарға шығады. Мекеменің толық құрамда жұмыс істемеуінің негізгі себебі – қоғамдық көліктердің жиі бұзылуы, тапсырыс берілген қосалқы бөлшектердің шет мемлекеттерден мерзімінде келмеуі болып отыр. Бұның барлығы күнделікті түсімге әсер етіп, сапалы қызмет көрсетуге кедергі келтіруде.

Осы ретте, қала әкімі сала басшыларына «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмаларды жүктеп, 10 күннен кейін оның орындалуына қайта оралатындығын ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: