Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда дауыс беру басталды

20.11.2022, 7:40 179

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай сайлауға белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Жоғары жауапкершілікті сезінетін Қазалы ауданының халқы таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлауға дауыс беруді бастап кетті. Уақыттың ерте екендігіне қарамастан қариялар мен жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асығуда.

Айта кетейік, бүгін Қазалы ауданында бүгін 40 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 46 129 дауыс беруші тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: