Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданындағы егістік алқаптардың жай-күйімен танысты

22.07.2022, 14:00 336

HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Сәрсенбаев, облыстық су шаруашылығы мекемесінің басшысы Роллан Ахметов және Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жергілікті сала мамандарымен бірге күріш егумен айналысатын шаруашылық басшыларымен кездесті.Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабында өткен кездесуде Сырдария өзеніндегі су тапшылығы сөз болды. Шаруашылық басшылары қазіргі таңда су жетіспеушіліктің салдарынан егілген күріштің бір бөлігі күйіп кетудің алдында тұрғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Салауатұлы алдағы уақытта су жетіспеушілік мәселесін болдырмау үшін арнайы жоспарлар жасалып жатқанын жеткізді.Су торабында аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков егістікке қатысты Қазалы ауданындағы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, оның шешу жолдарын айтып берді.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов күріш егумен айналысатын шаруашылықтардың қазіргі жағдайын көзбен көру үшін «Жалаңтөс батыр» ЖШС-на арнайы барды.

«Жалаңтөс батыр» ЖШС бүгінгі күні су тапшылығын қатты сезініп отырған шаруашылықтың бірі. Қазіргі таңда шаруашылықтың 6 ауыспалы егістігіндегі күріш алқаптарына су жетіспеуде. Бұл мәселені шешу үшін шаруашылыққа су келетін «Оң жаға» магистралды каналының бойына 3 насос қойылды.

Егістік басында шаруашылықтың бүгінгі күндегі хал-ахуалы туралы серіктестіктің директоры Қасқырбай Әлімбай толық айтып берді.Қазалы ауданына сапары кезінде Серік Салауатұлы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойындағы «Бақыт» кешені, «Полистиробетон өндіру» цехы мен тауарлы бетон өндірісімен айналысатын «LCI-MK» ЖШС филиалында да болып, жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.Егіс алқаптарын араладыОблыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Сәрсенбаев, облыстық су шаруашылығы мекемесінің басшысы Роллан Ахметов және Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жергілікті сала мамандарымен бірге күріш егумен айналысатын шаруашылық басшыларымен кездесті.

Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабында өткен кездесуде Сырдария өзеніндегі су тапшылығы сөз болды. Шаруашылық басшылары қазіргі таңда су жетіспеушіліктің салдарынан егілген күріштің бір бөлігі күйіп кетудің алдында тұрғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы алдағы уақытта су жетіспеушілік мәселесін болдырмау үшін арнайы жоспарлар жасалып жатқанын жеткізді. Су торабында аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков егістікке қатысты Қазалы ауданындағы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, оның шешу жолдарын айтып берді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов күріш егумен айналысатын шаруашылықтардың қазіргі жағдайын көзбен көру үшін «Жалаңтөс батыр» ЖШС-на арнайы барды.

«Жалаңтөс батыр» ЖШС бүгінгі күні су тапшылығын қатты сезініп отырған шаруашылықтың бірі. Қазіргі таңда шаруашылықтың 6 ауыспалы егістігіндегі күріш алқаптарына су жетіспеуде. Бұл мәселені шешу үшін шаруашылыққа су келетін «Оң жаға» магистралды каналының бойына 3 насос қойылды.

Егістік басында шаруашылықтың бүгінгі күндегі хал-ахуалы туралы серіктестіктің директоры Қасқырбай Әлімбай толық айтып берді.Қазалы ауданына сапары кезінде Серік Салауатұлы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойындағы «Бақыт» кешені, «Полистиробетон өндіру» цехы мен тауарлы бетон өндірісімен айналысатын «LCI-MK» ЖШС филиалында да болып, жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: