Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашаннан да ел бірлігі, ынтымағы, татулығы маңызды

10.01.2022, 17:30 462

HALYQLINE.KZ Қашаннан да ел бірлігі, ынтымағы, татулығы маңызды. Қандай жағдайда болсын, қоғам қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың парызы. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге дейінгі жетістігі барша тұрғындардың ауызбірлігі арқасында жүзеге асты. Сондықтан қай кезеңде де сабырлықты ту етіп, кез келген түйткілді мәселе бойынша ортақ шешім қабылдауымыз қажет.

Әрине, елімізде болған келеңсіз жағдай мемлекеттің өсіп-өркендеуіне тілеулес барша халықты ойландырады. Қазақстанның ірі қалалары мен барлық өңірлерінде халық арасына іріткі салуды көздеген бұзақылар террористік акт ұйымдастырды. Олардың басбұзарлығы, жүгенсіздігі қарапайым халықтың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымға орасан зиян келтірді. Тіпті, мұндай жат пиғылды адамдар қару-жарақ сақталған қоймаларды басып алып, ел ішіне үрей туғызды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындар қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды антитеррор операция­сы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осыған байланысты Президенттің Қауіпсіздік алқасы жөніндегі шартқа сүйене отырып, ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуге жүгінді. Шын мәнінде, мұндай келеңсіз жағдай мемлекет тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау екені белгілі.  Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында азаматтардың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – Конституциялық міндеті екенін айтып өтті.

Тарихтан білетініміз, халқымыз ешқашан орынсыз басбұзарлыққа, жауапсыздыққа, жүгенсіздікке жол берген емес. Тұрғындардың әлеуметтік тұрмысында бірқатар қиындық туындағаны рас. Осы орайда билікпен ортақ диалог құра отырып, бұл мәселенің шешім табуына назар аударғанымыз дұрыс. Қайсыбір проблеманың да шешімі болады. Оны кезең-кезеңімен орындап, әрбірімізге қолайлы жағдай жасау – басты міндет.

Біздің халқымыз сөзге тоқтап, әділдік туын көтере білген. Әрбір ата-ана өз баласының ел ішіне іріткі салғысы келген базбіреулердің жетегіне ермей, жүгенсіздікке жол бермеуін қатаң қадағалауы тиіс. Ол – ел дамуына жанашыр әрбір азаматтың ортақ парызы. Ойланайық! Тап қазіргі күрделі жағдайдан шығу әрбіріміз үшін өте маңызды

Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

Пікірлер:
  • Құрметті, Бақберген Сарсенович! Сіздің университеттің студенттері президенттің политикасын қолдайды. Президентіміздің политикасы халқымыздың өмірін жақсартатынына сенеміз. Сізге де алғысымыз шексіз.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: