Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

08.12.2020, 14:00 366

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанынан құрылған кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кәсіпкерлер кеңесінің негізігі мақсаты – мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іріктеп, олардың жүзеге асырылуына қолдау білдіру болып табылады. Сонымен бірге кеңес міндеттерінің бірі – кәсіпкерлік саласындағы маңызды мәселердің шешу жолдарын қарастыру, аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктегі бәсекелестікті дамытудағы мәселелерді талқылау және ұсыныстар енгізу.

Кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысында Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеровтың осы кезеңге дейін атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Сала басшысы Е.Әбдікеров өзінің хабарламасында аудан көлемінде бизнесті жүргізу жайлы, ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштеріне арнайы дайындалған слайд арқылы кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен бірге кездесуде аудан кәсіпкерлері өздерінің толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудан көлемінде кәсіпкерлік ашып, бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Кәсіпкердің әрбір ұстанымын қолдауға және олардың идеяларын жүзеге асыруға барлығымыз жұмыла қызмет жасауымыз қажет деп атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: