Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі депутат сағатын өткізді

09.09.2022, 16:03 238

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов қалалық мәслихат депутаттары Мұхиджан Кәрімбаев пен Айгүл Мұсабаеваны қабылдады. Кездесу барысында депутаттар өздерінің аумақ бөліністеріне сәйкес бірқатар қордаланған мәселемен бөлісті. Атап айтқанда, депутат Мұхиджан Исмаилұлы Қыдыров көшесі мен Саламатовтың қиылысындағы тротуар мәселесін алға тартып, ұзындығы 56 м жерге, ені 1 м тротуар салынып берілсе деген тұрғындар ұсынысын жеткізді.

Сондай-ақ, «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы аяқ су келіп тұрған арықты жауып тұрған бетонды арнайы техникамен алып тастау, «Ақмешіт» мөлтек ауданы №2 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы спорттық ойын алаңына және «Мерей» мөлтек ауданы 10 үйдің ауласындағы ойын алаңына жасанды төсеніш төсеу, Қыдыров көшесінің аталған үй тұсына бейне бақылау камерасын орнату туралы мәселелерді көтерді.

Депутат Айгүл Нажмадинқызы Қорқыт ата демалыс аймағында орналасқан амфитеатрдың қазіргі уақытта мақсатты пайдаланылмауына байланысты қалалық жастар ресурстық орталығының меншігіне беруді ұйымдастыруды, қысқы уақытта оқушылардың кешкі мезгілде жүруіне қолайсыздық тудыратындығын ескеріп, «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан №7 мектептің жанындағы көшеге түнгі жарық орнатуды сұрады. Өз кезегінде қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы ұсыныстардың назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатындығын жеткізді. Депутаттық сағатқа қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев, қала әкімі аппаратының басшысы Б.Ахмет қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: