Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» маусымға тас түйін дайын

26.02.2024, 12:08 498

Өткен аптаның соңында Сыр спортының «қасқырлары» – «Қайсар» футбол клубының жаңа құрамының таныстырылымы өтті. Аяқдоп аламанында өнер көрсететін 25 футболшының есімі айтылып, футболсүйер қауымның кімдер үшін жанкүйер болатыны нақтыланды. Команда құрамындағы 25 аяқдошының 11-і – «Қайсардың» жаңа мүшесі. Олардың қатарында Қазақстан құрамасына кандидат Думан Нәрзілдаев, Айбар Жақсылықов, Тоқтар Жаңғылышбай бар.

Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов сөз сөйлеп, футболшыларға жейде табыстау рәсіміне қатысып, «дала қасқырларының» алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

  • Спорт – әлемнің елшісі. Ал футбол – соның бірінші көрсеткіші. Бұл – қолдаушысы бар, жас талғамайтын спорттың бір түрі. Азия кубогы мен Еуропа лигасында ел намысын қорғаған «Қайсардың» жетістіктері аймақ дауымен қатар, өскелең ұрпақтың спортқа қызығуына себепкер болып отыр. Елімізде ғана емес, әлемде үздік командалардың бірі болуына тілектеспіз. Бәріміз сырбойылық арландарға жанкүйер болайық! – деді Д.Еренғалиұлы.

Айта кеткен жөн, команданың бас бапкері Виктор Кумыков жаңа маусымда командаға өз бапкерлігін жалғастыратын болды. Ол да арландарды шабыттандырып, жеңіс тұғырына жететіндеріне сенімді екенін айтты.

«Қайсар» футбол клубына қайта тағайындалғаныма қуаныштымын. Командамен бірге жеңіске ұмтыламыз. Жоғары жауапкершілікті өз мойныма аламын, – деді бапкер.

Кезекті ел біріншілігіне Қызылорданың «Қайсары» тыңғылықты дайындалды. Түркияда үш оқу-жаттығу өткізіп, Еуропаның 13 командасымен шеберлік байқасты.

1 наурызда «Қайсар» Қазақстан чемпионатының 1-турында «Ақтөбені» қарсы алады. Матч Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтеді.

«Қайсар» ФК ойыншыларының тізімі:

(Алғашқы 11 футболшы командаға жаңадан қосылған)

Есімі мен қызметіБұрын ойнаған клубы
Йован Пайович Қорғаушы«Биркикара» ФК, Мальта
Руслан Юденков Қорғаушы«Мақтаарал» ФК  
Асқар Сатышев Қорғаушы«Тұран» ФК
Гиоргий Кобуладзе Қорғаушы«Торпедо» ФК, Грузия  
Думан Нәрзілдаев Қорғаушы«Ордабасы» ФК  
Ламин Тункара Жартылай қорғаушы«Анкара» ФК, Түркия  
Ерсұлтан Төреқұл Шабуылшы«Ұлытау» ФК  
Марлен Айманов Шабуылшы«Хан Тәңірі» ФК  
Айбар Жақсылықов Шабуылшы«Ордабасы» ФК  
Тоқтар Жаңғылышбай Шабуылшы«Мақтаарал» ФК  
Шохназар Норбеков Шабуылшы«Сада Сумут» ФК, Индонезия  
Нұрымжан Салайдин  ҚақпашыҚызылорда футбол мектебі  
Степан Сикач Қақпашы  «Қайсар» ФК
Әділет Кеңесбек Қорғаушы  «Қайсар» ФК
Абылайхан Төлегенов Қорғаушы  Қызылорда футбол мектебі  
Виталий Приндета Қорғаушы  «Қайсар» ФК
Қуаныш Қалмұратов Қорғаушы  «Қайсар» ФК
Горан Милойко Жартылай қорғаушы  «Қайсар» ФК
Дмитрий Бородин Жартылай қорғаушы  «Қайсар» ФК
Махан Оркен Жартылай қорғаушы  Қызылорда футбол мектебі  
Сахалбаев Руслан Жартылай қорғаушы  «Қайсар» ФК
Дидар Жалмұқан Жартылай қорғаушы  «Қайсар» ФК
Василий Совпель Жартылай қорғаушы  «Қайсар» ФК
Бағдаулет Зулфиқаров Шабуылшы  «Қайсар» ФК
Елжас Алтынбеков Шабуылшы  «Қайсар» ФК
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: