Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шықты

26.09.2022, 17:00 406

HALYQLINE.KZ

Судья Нұрлан Баяхметовтің үкімімен Қайрат Сатыбалдының дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Антикор Қайрат Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-ның аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған.

Кейін Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, «Қазақтелекомға» 12 миллиард теңге өтейтін болды. Сондай-ақ күні кеше оның аса сенімді адамы – 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Эфенди Кемальға іздеу жарияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: