Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент экономикада 7 бағытқа сүйену қажеттігін айтты

01.09.2020, 11:00 359

HALYQLINE.KZ «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикалық бағыты 7 негізге сүйену қажетін айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады» деп хабарлайды.

«Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан, еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарына кіреді.

Сондай-ақ, өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: