Никарагуа президенті Даниэль Ортега елде алдағы уақытта сайлау өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл шешім оппозициялық күштердің билікке келуіне жол бермеу үшін қабылданбақ.
The Guardian басылымының мәліметінше, 2007 жылдан бері елді басқарып келе жатқан 80 жастағы Ортега Конгреспен бірлесіп, оппозицияның әрекеттеріне тосқауыл қоюға бағытталған жаңа заң әзірленіп жатқанын хабарлады.
Президент бұл туралы Сандиниста революциясының 47 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында айтты.
Айта кетейік, Никарагуада соңғы президент сайлауы 2021 жылы өткен. Келесі сайлау 2027 жылға жоспарланған.
2021 жылғы сайлау қарсаңында ел билігі бірнеше саяси партияның қызметіне тыйым салып, президенттікке үміткер болған оппозиция өкілдерін қамауға алған еді.
Фото: canal4.com.ni
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!