Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пошта саласында жаңашылдық көп

07.10.2022, 16:40 495

Облыс бойынша «Қазпошта» АҚ мекемесінде 500-ден астам қызметкер еңбек етеді. Олардың әрқайсысы негізгі 3 сала бойынша яғни пошталық, қаржылық және агенттік бағытта жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық қаржылық төлем қызметтері пошта арқылы жүзеге асуда. 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Kazpost» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Меруерт Шаухаманова аталған саладағы жаңашылдықтар мен жұмыс барысын БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Қазіргі таңда біздің мекеме шалғай елді мекендер мен ауылдық округтерде халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, 7 аудандық пошта торабы мен 14 байланыс бөлімшесі және 4 жылжымалы пошта бөлімшесі бар. Пошта қызметкерлері ауа-райына қарамастан газет-журналдар мен сәлемдемелерді діттеген жеріне жеткізу басты міндеті болып саналады. Бүгінде интернет арқылы сауда жасау ерекше дамып келеді. Мәселен, 9 айдың көрсеткіші бойынша біздің мекеме шет мемлекеттерден 17 млн. теңгеден асатын сәлемдемелерді қабылдаған. Осы тұста, барлық әріптестерімді дүниежүзілік пошта күнімен құттықтаймын, – деді Меруерт Алғашбекқызы.

Айта кетейік, биыл «Қазпошта» АҚ филиалына 29 жыл толып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: