Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамовты тіркеді

30.04.2024, 8:10 253

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің «Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде сайланған депутатты тіркеу туралы» қаулысы қабылданды.

Осы қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеп, ҚР Парламент депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыстады.

Айта кетейік, облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессия отырысында Наурызбай Сейтқалиұлына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құттықтау лебізін білдіріп, әріптестері жаңа қызметке шығарып салды.
Наурызбай Сейтқалиұлының ел мүддесі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: