Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оппозицияның орындалмайтын армандары

02.12.2020, 13:45 788

HALYQLINE.KZ

Қазақстан оппозициясы үнемі сәтсіздікке ұшырайды. Мұның бірнеше себебі бар, ең бастысы – өзгере алмайды және оны қаламайды. Билікті, басқарушы партияны сынап, оппозицияның өзі де тығырыққа тіреледі.

Былтыр Әміржан Қосановтың сайлаудағы салыстырмалы сәттілігінен кейін, яғни ол 16% -дан астам дауыс жинаған кезде оппозиция белсенділері өздеріне сене бастады. 2020 жылы наразылық күштері бірігіп, жаңа партиялар пайда болады деген мәлімдемелер жасалды. Бұл біріккен майдан Парламенттік сайлауда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады деген еді.

Осындай әрекеттердің бірі былтыр болды. ЖСДП, қазақстандық оппозицияның шетелдік бюросының өкілдері, бірқатар қайраткер Брюссельде Әкежан Қажыгелдинмен кездесті. Одан кейін құрылады деп талқыланған «Жаңа Қазақстан» келісімге келудің бірден-бір мүмкіндігі болады деп болжам жасалған еді.

Алайда мұның бәрі бос қиял болып қалды. Бірігу мүмкін болмады, көшбасшылардың әрқайсысы көрпені өздеріне қарай тартты. Нәтижесінде, олар ортақ шешімге келе алмады.

Оларды тек елімізде саяси реформалар жүргізу керек деген талап қана біріктірді.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер ұйымдастыруды жеңілдету туралы заңнамалық түзетулерге қол қойды. Егер кедергі жасамаса, мыңдаған адамды алаңға шығара аламыз деген оппозицияның ойы жүзеге асқан жоқ.

Мұның жарқын мысалы – қалыптаспаған Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай. Оның митингілеріне 100-200 адам қатысады. Бірақ бұл әлеуетті де ол тиімді пайдалана алмайды, айғайлап болған соң белсенділер әдетте ештеңеге қол жеткізбей тарқайды.

«Оян, Қазақстан» қозғалысы толығымен тарады, құрамында ары кетсе 10-15 адам қалды. Бүгінде олар да көрінбейді және даусы естілмейді.

Тоғжан Қожалиеваның HAQ қозғалысы да сәтсіздікке ұшырады. Ол өзінің жақтастарын шақырған бос ұрандар жай ұран болып қала берді, оппозиция өз уәделерін орындай алмады.

Қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың ҚДТ қозғалысы ақыры өзінің беделін түсірді. Оның жақтастары соңғы уақытта не істерін білмейді. Әлдекімнің қатарына қосылуға әрекеттер жасап жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Керісінше, Әблязовтың жақтастары олигарх қосыламыз деп жариялаған ЖСДП-ға кедергісін келтірді, нәтижесінде социал-демократтар сайлаудан бас тартуға мәжбүр болды.

«Нұр Отанда» ешқандай қолдау жоқ, жалпы бұл партия тек шенеуніктерден құралған ұйым деп мәлімдеген белсенділердің болжамы негізсіз болып шықты.

Қазақстандықтарды басқарушы партияның әлсіздігі мен оның бюрократиялық сипатына сендіру үшін жасалған дәлелдер «фактілердің сынына» шыдамай жатыр. Бұл айыптардың ойдан шығарылғанын «Нұр Отанның» алғаш өткен праймеризі дәлелдеді. Партияішілік сайлауға белсенді ұстанымы бар 10 мың адам қатысты. Қысқа уақыт ішінде саяси ұйымға 42 мың азамат қосылды.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда саяси партиялар туралы заңға түзетулер енгізілді. Енді жаңа ұйымды тіркеу үшін тек 20 мың қол қажет. Бұл екі айда «Нұр Отанға» 2 жаңа партия қосылды деген сөз. Осы уақыт аралығында басқа қозғалыстар партия құру процедурасын бастауға мың мүше де жинай алмай жатыр.

Сонымен бірге, статистика «Нұр Отан» партиясына мүше шенеуніктердің үстемдігі туралы аксиоманың шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Мәселен, жергілікті билік партиясының партиялық тізімінде мемлекеттік қызметкерлердің тек 4%-ы ғана бар. Қалған 28%-ы – мұғалімдер, 20%-ы – кәсіпкерлер, 7%-ы – денсаулық сақтау және ауылшаруашылық қызметкерлері.

Өйткені кезінде «Нұр Отанды» сынға алған сарапшылардың өздері соңғы уақытты партияның күшейіп, орны айқындала түскенін мойындады. Атап айтар болсақ, осы пікірді білдіргендердің қатарында саясаттанушылар Максим Казначеев пен Андрей Чеботарев бар.

Дегенмен қарсыластарда «баяғы жартас – бір жартас» дегендей бәрі – бұрынғы қалпында. Оларға әлі де бұрынғыдай сайлауға дайындалуға уақыт жетпейді. Бір жағынан оған сылтау – сайлаудың қысқа уақыттың ішінде өткізілуі болса, екіншіден – қашанда елдегі сайлау кезектен тыс форматта өткізілуі әдетке айналған. Бірақ осы жолы бәрі басқаша өтті. Сайлаудың уақытында өтуі – бізде бірінші рет, бұл – үлкен құбылыс. Ұзақ жылдар бойы бірінші рет. Алайда бұл оппозицияны құтқара алмады. Өйткені ЖСДП мүшелері съезге арналған жай ғана өздерінің сайлауалды бағдарламаларын дайындауға уақыт таппаған.

Сонымен қатар бұл сайлау оппозицияның «биліктің жоғарғы эшелонының өкілдері бөлінуде» деген тағы бір мәлімдемесіне жауап болды. Элита арасында келіспеушіліктің жоғын Мәжілістегі партиялық тізім дәлел болып отыр. Мысалы, «Нұр Отанның» сайлауалды плакаттарына шыққан азаматтардың қатарында Премьер-Министр Асқар Мамин, Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және т.б. бар. Шынын айтқанда, осы қатысушыларға партия іргетасына айналды. Мемлекет басшысы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мұның өзі көп дүниені аңғартқандай.

Айтпақшы, билік транзитінің басталуымен тағы бір үрей пайда болды. Ол дегеніміз – биліктің думвираты болуы. Бұл идеяның елді улағаны соншалық бүкіл жекелеген телеграммалық арналар мен интернет-ресурстарға осы ақпарат тарап кетті. Бірақ оның шындыққа жанаспайтынын және пайдасыз екенін есті аудитория беске біледі. Себебі, оның бәрі – бос әңгіме. Егер жағдайға көз жүгіртсек, Елбасының партиялық жұмыстарға негізделген стратегиялық мәселелермен ғана айналысатыны байқалады. Ал Тоқаев, керісінше мемлекеттік аппаратты, елді басқаратыны әрі курстың сабақтастығы аясында реформалар жүргізетіні белгілі. Егер Қырғызстан мен Украинадағы революция жайында не болмаса олардың демократияға қол жеткізуін сөз етер болсақ, ол бөлек әңгіме.

Егер Қырғызстандағы жағдайға қарасақ, демократия қол жеткізген елдің ішінде жағдайдың өзі мәз емес екені байқауға болады. Мәселен, Бішкектегі тәртіпсіздіктер кезінде түрмеден босатылған қылмыскер Садыр Жапаров біраз уақыт билікке келуінен бастауға болады.

Сарапшылардың бағалауынша, Қырғызстанның биылғы жылдың экономикасы бұрынғы 1995 жылғы деңгейге бірақ түседі екен. Өйткені елдің ұлттық қарызы 4,5 миллиард доллардан асты, сыртқы қарыздың 42%-дан астамы (2,1 миллиард доллар) Қытайдан алынған несиелерге тиесілі. Инвестициялардың экономикаға келуі 56%-ға төмендеді.

Украинадағы жағдай да мәз емес. Шоумен Зеленский президент болғаннан бастап, елді басқара алмады. Экономика күннен-күнге құлдырап жатыр, ал «Зe!» командасы ұсынған дағдарысқа қарсы шаралары тиімсіз болып шықты. Биылғы екінші локдаунды айтпағанның өзінде, 50 миллиард гривнадан астам бюджет шығысы қаржыландырылмайды (бюджет шығындарының кемінде 5%). Тіпті жақын арада Украина экономикасы мүлдем құлдырайды. Оған себеп, 2021 жылдың басында әлеуметтік төлемдерді төлеуде проблемалар пайда болуы еді. Мұндай болжамды жақында Грузияның экс-президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили да айтты. Мұның бәріне Владимир Зеленскийдің биылғы жергілікті сайлауда жеңіліске ұшырауы себеп болды. Аймақтарды бұрынғы элитаға жататын адамдар, яғни ескі гвардия қайта өз қолына алды. Бұл елдердегі «демократияның» бағасы осындай.

Ұдайы шығарып алудың арқасында таусылып бітеді, түбі көрініп тұр деген Ұлттық қордың жақын арада күйреуі туралы қорқыныш қазақ оппозициясы арасында белгілі.

Алайда бәрі мүлдем олай емес. Сейсенбіде «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы былай мәлімдеді:

– Пандемияға қарамастан оның салдарынан әлемдік экономиканың 4,4%-ға, ал кейбір дамыған елдерде тіпті 10%-ға дейін төмендеді. Алайда Ұлттық қордың тиімді жұмысы арқасында бұл жағдайдың қиындауына жол бермедік, – деді Елбасы.

Пандемия кезінде Ұлттық қор дағдарысқа қарсы құралға айналды. Одан түскен қаражат өнеркәсіпті дамытуға, жұмыс орындарын құруға, жолдар мен тұрғын үйлер салуға жұмсалды.

Жалпы, оппозицияның неғұрлым сындарлы риторикаға көшетін уақыты келді. Әйтпесе, олар сол күйі Қазақстанның саяси ландшафтының жиегінде қала береді.

Мақсат  ЖАҚАУ,

аймақтанушы

Пікірлер:
  • Коттакылыкты кашан догарасындар осы. Алеуметтик маселелер дифференцияланган салык аркылы шешилу керек, ол биздин занмаларда карастырылмаган. Себеби баримизге белгили.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: