Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстағы ҮЕҰ-ның жартысы жұмыс істемейді

23.09.2020, 12:10 642

HALYQLINE.KZ Облыста 996 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бірақ соның 454-і ғана белсенді жұмыс істейді. Енді құжат жүзінде құрылып, қоғамға пайдасы жоқ бірлестіктер жабылады. Облыстық ішкі саясат басқармасы осы мәселені қолға алды. Азаматтық бастамаларды қолдау және оларға жан-жақты көмек көрсету Жолдауда көрсетілген басты міндеттерінің бірі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктердің жұмысы жанданады. Оларға алдымен әдістемелік көмек көрсетіледі.

«Қазір сын сағаттағы сыналған тұсымызда біздерге береке мен бірлік, бір-бірімізге қолдау, жұмыла жүк көтеру ауадай қажет. Қазіргі ахуалға байланысты тың, жаңа әлеуметтік жобалар қажет. Ол үшін біз өңірдегі азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп қыркүйек айының соңында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлап отырмыз. Ұсынылатын жобаларды біз ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге бағыттаймыз», – деді басқарма басшысы М.Қазбекова.

Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде арнайы облыстық медиа-жоспар әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді. Медиа-жоспар 3 негізгі бөлімнен, 145 тармақтан тұрады. Бүгінгі күнге дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін насихаттау бағытында бұқралық ақпарат құралдарында барлығы 2415 материал жарияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: