Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

09.06.2022, 15:00 85

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған 8 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдар көтерді және тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде көмек сұрады.

Облыс әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: