Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

04.07.2022, 15:00 931

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні биыл бесінші жыл елімізде кеңінен тойланып келеді. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекені атап өту – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға деп ойлаймын.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс» деп келешек ұрпаққа домбыра арқылы ұлттық құндылықты насихаттаудың айрықша маңызы бар екенін салмақтады.Халқымыздың бай тарихынан, түрлі кезеңінен сыр шерткен күй-толғау мен жыр-дастандар, әсем әуен құлағымыздан кетпесін!Қасиетті ұлттық аспабымыз – домбыра төрімізден түспесін!

Нұрлыбек Нәлібаев,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: