Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Құрмет грамотасын алды

20.01.2021, 12:00 305

HALYQLINE.KZ  «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің 2020 жылы атқарған жұмыс қорытындысын талдау және талқылау мақсатында Агенттік Төрағасының қатысуымен бейнебайланыс арқылы мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында Алик Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жобалық кеңселердің өңірлерде атқарып жатқан жұмыстарына жоғары бағасын берді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметі айқындық пен ашықтыққа айтарлықтай қайта бағдарланғанын, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететінін және мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыратынын атап өтті.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу бағытында жұмыс істеп жатқан үздік облыс әкімдерінің жұмысын атап өтті, осылайша Агенттік Төрағасының Құрмет грамотасын алғандар тізімінде Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы да бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын тиімді ұйымдастыруға және өңірлік әкімдіктердің сервистік моделіне толықтай көшін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, департамент басшысы Ерсейтов Ардақ Жайдақұлы «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары Ахмет Серік Әбжәліұлына Агенттік Төрағасының алғыс хатын табыстады.

Бүгінгі күні облысымыздағы барлық қала, аудан әкімдіктері ашықтық қағидаттарына негізделген, мемлекеттік қызметтерді жедел және сапалы көрсету мақсатында толықтай сервистік режимінде жұмыс істеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: