Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі «Қамқорлық» оңалту орталығына барды

22.11.2021, 15:30 556

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өзінің фейсбук парақшасына жазды.

«Бүгінгі күнге дейін облыста реабилитациялық көмек керек ететін мүгедек балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына баратыны белгілі.

Осы ретте, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қамқорлық» корпоративті қорының қолдауымен өңіріміздегі көпбейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратының бір бөлігін Жұмыспен қамту жол картасы аясында 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 60 төсектік «Қамқорлық» оңалту орталығы ретінде қайта жаңғырту жұмыстары жүруде» деп жазды аймақ басшысы.

Қазіргі таңда орталыққа қажетті мамандар біліктілігін арттырып жатқан көрінеді.

«Бүгін орталыққа барып, реконструкциялау жұмыстарының аяқталу барысын көрдім. Айдың соңына дейін толық бітіріп, қолданысқа беруді тапсырдым.

Құрылыс кезінде 48 уақытша жұмыс орны құрылды. Орталық іске қосылған соң 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады» деп сөзін жалғастырды Г.Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: