Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

12.09.2024, 16:15 197

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген 9 тұрғынның көтерген мәселесі әр алуан. Олар тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және емге қаржылай көмек көрсету туралы өтініштерін айтты.

Жалпы аймақ басшысының жеке қабылдауына жазылған азаматтардың қойған сауалдары, айтқан ұсыныс-пікірлері жан-жақты сарапталады. Бүгінгі көтерілген мәселелерді де мамандар жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Келушілерге сауалының жауабын сол жерде беру, шешу жолдарын түсіндіру де жолға қойылған.

Мәселен, зейнеткер ана бұрынғы үйі апатты жағдайда болғандықтан, несие алып жаңа баспана салғанын айтты. Жылу маусымы жақын қалды, бірақ үйіне газ кіргізілмеген. Осы түйткілді шешуге көмек сұрай келген тұрғынға аймақ басшысы демеушілер арқылы жәрдем беру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ, 6 баласы бар ІІ топ мүгедегіне де газ жүргізуге қолдау көрсетілетін болды.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: