Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі әлеуметтік желіде аккаунтын ашты

08.04.2022, 15:00 354

Қадірлі жерлестер!

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі ретінде қызметімді бастадым.

Әр азаматтың туған жеріне адал әрі жауапкершілікпен қызмет етуі перзенттік парызы деп санаймын. Алаштың анасына баланған туған жерім Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында аянбай қызмет етіп, алған білімім мен жиған тәжірибемді ел игілігіне арнайтын боламын.

Бүгінгі толассыз келіп жатқан құттықтаулар үшін барша тілеулес жандар мен ниеттес азаматтарға алғаусыз алғысымды айтамын. Осы орайда бүгіннен бастап Facebook әлеуметтік желісінде өз аккаунтымды ашу жөнінде шешім қабылдадым. Елмен етене байланысқа түсудің сындарлы диалог алаңына айналған бұл платформа арқылы Сіздермен бірге туған жерімізді өркендету ісіне қатысты әрбір ұсыныс-пікірлеріңізді ескеруге дайынмын.

Ел аман, іргеміз берік болсын!

Қызылорда облысының әкімі

Нұрлыбек Нәлібаевтың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: