Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Никита Шаталов: Соғысты мемлекет ішіне тартудың қажеті жоқ

07.06.2023, 18:06 238

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов өзге елдер аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысуға ниетті қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол қарулы қақтығысқа ниеттілерді Қазақстан азаматтығынан бас тартуға шақырды.

«Мен қандай да бір себептермен бөтеннің әскери қақтығыстарына қатысуға ниетті қазақстандықтарға, азаматтарымызға үндеу жасағым келеді. Қолға қару алмас бұрын Қазақстан азаматтығынан бас тартуға шақырамын. Соғысты мемлекет ішіне тартудың қажеті жоқ. Бұл мемлекетіміз бен қоғамымыздың заңдарына деген құрметсіздіктің көрінісі», – деді Шаталов.

Депутаттың айтуынша, соңғы кездері өзге мемлекет азаматтары әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат тарату үрдісі байқалады. Соңғы мысалдардың бірі Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Мироновтың Қазақстан Қылмыстық кодексіндегі жалдамалылық туралы бапты абсурд деп атаған сөзімен байланысты. Ол шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын талап етіп, бұл мәселені ЕАЭО аясында шешу керек деп есептейді.

«Қазақстанда жалдамалылық бойынша жаза 10 жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Қазақстандықтардың шетелдік соғыстарға қатысуы Конституциямызға және Қазақстанның сыртқы саясаты рухына қайшы келеді. Кез келген тараптың кез келген әскери қақтығысқа қатысуы, мейлі ол Ресей, Украина немесе кез келген басқа мемлекет болсын, заңның барлық шегінде жазаланады», – деді Шаталов.

Tengrinews.kz 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: