Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаев кеңсесінен 2-3 млрд теңге үнемделеді

09.06.2023, 9:21 229

HALYQLINE.KZ

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі алдағы бір жарым ай ішінде қайта құрылымдалады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Заң аясында канцелярияның жұмысы тоқтатылады. Кеңседе жұмыс істеген адамдардың бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады. Ал қалған қызметкерлер жұмыстан қысқартылады. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», – деді ол.

Айтуынша, қайта құрылымдаудан шамамен 2-3 млрд теңге қаржы үнемделмек.

Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: