Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Н.Нәлібаев: «Тұрғын үй құрылысы бір сәтке де бәсеңдемейді»

19.02.2021, 12:30 759

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарына барды.

Соңғы жылдары қаладағы тұрғын үй құрылысы еселеп артып, бірнеше жаңа шағын аудан бой көтеріп, 194 көпқабатты үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Биыл да бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасып, 38 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 28 тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынса, 10 көпқабатты үйдің құрылысын жеке кәсіпкерлер жүргізуде.

Бүгінде СПМК-70 шағын ауданында 13 бірдей көпқабатты үйдің іргетасы қаланып, бірқатарының құрылысы бел ортасына келген. Сәтін салса жыл аяғына дейін барлығының құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған ауданда бой көтеріп жатқан несиелік үйлердің жалпы құны 8,2 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай аяқталса ағымдағы жылы 640 отбасы баспаналы болады.

Бұдан бөлек 680 тұрғын сол жағалаудан салынып жатқан арендалық тұрғын үйлер есебінен баспаналы болмақ деген қала әкімі аталған аумақтағы 14 үй сәуір-мамыр айларында пайдалануға берілетіндігін айтты. «Бұл үйлер үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, нағыз мұқтаж азаматтарға сатып алу құқығынсыз табысталатын болады. Алдағы уақытта да қаладағы тұрғын үй құрылысы бір сәтке бәсеңдемейді» – деді шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Құрылысы қарқын алған Қызылордадағы жол жөндеу жұмыстарының да жүйелі жүргізіліп жатқандығы көпке белгілі. Кейінгі жылдары 840 шақырымды құрайтын 1 мың 177 көше жөнделді. Биыл осы жұмыстардың жалғасы ретінде Ғ.Мұратбаев – С.Бейбарыс көшелерінде орналасқан көпірлер аралығын жалғайтын сол жағалаудағы магистральдың 2 шақырымды құрайтын құрылысы басталып, жыл аяғына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылының жалғасы саналатын 95% жұмыстары біткен «Қызылжарма» каналына дейінгі магистраль аяқталып пайдалануға берілсе, С.Бейбарыс көшесіндегі көпірден Эдельвейс саяжайы арқылы Тұңғыш Президент саябағына дейінгі аралықты қамтитын 1,1 шақырымға жол түседі.

Ағымдағы жылы бұдан бөлек облыстық жастар орталығынан бастау алатын жолды Шіркейлі каналына баратын негізгі көшемен байланыстыру жүзеге асып, жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын магистраль салынбақ.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: