Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұсаеваның «мысы» басты

01.04.2024, 17:35 638

HALYQLINE.KZ

Кеше облыс орталығындағы №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сенсек, сайлаушылар тізіміне 30826 азамат енгізілген. Дауыс беруге 18397 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 18 адам қатысты.

Ал, жалпы 3 кандидат бағын сынады. Сонымен, №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихат депутатын сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді: Батыржан Көмекбайұлы Қаракөзовке сайлаушылардың 3459 дауысы, Гүлшат Исақызы Мұсаеваға сайлаушылардың 12367 дауысы, Асхат Қасымұлы Шаукенбаевке сайлаушылардың 1970 дауысы берілді. Ал, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 566.

Сайлау қорытындысымен №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып Мұсаева Гүлшат Исақызы сайланды. Ол 1967 жылы туған, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Осылайша, аманаттық Мұсаеваның «мысы» қарсылас екі еркекті басып кетті.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: