Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр журналистерге антисептик шашып жіберді (Видео)

10.03.2021, 16:00 452

HALYQLINE.KZ Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихаты кезінде журналистерге антисептик шашып жіберді, деп хабарлайды The Sun.

Шенеунікке тілшілер «министрлер кабинетінде кадрлық ауыс-түйіс бола ма?» деген сауал қойған.

Таиландта өткен аптада үш бірдей министр түрмеге қамалған. Оларға жеті жыл бұрын болған наразылық акцияларына қатысты деген айып тағылды. Журналистер осыған байланысты босаған орындарға келетін потенциалды кандидаттар тізімін білгісі келді. 

Сұраққа жауап берудің орнына премьер мінберден түсіп, журналистерге антисептик шашты. Кейін оның тілшілермен сөйлесіп тұрған видеосы тарады. Министрлер кабинетінің басшысы ызалы көрінеді.

Бұған дейін де Прают Чан-Оча мен журналистер арасында бірнеше мәрте келеңсіз жағдай болғаны айтылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: