Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы талқыланды

24.04.2023, 9:40 191

HALYQLINE.KZ Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 19 сәуірде өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері туралы кеңейтілген мәжілісте айқындаған экономикалық саясаттың сегіз нақты бағыты талқыланды. Жауапты ведомство басшылары атқарылатын шаралар туралы баяндады.Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың нақты шаралары қабылдануы қажеттігін атап өтті.

«Барлық басқармалар салалық министрліктермен әр бағыт бойынша өз міндеттерін пысықтап, жұмыс істеуі керек. Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының қымбаттауына тоқталып, тұрақтандыру қорлары мен азық-түлік корпорациясының жұмысын күшейтуді тапсырды.Расында, біздің өңірде агралық секторды дамытуға мол мүмкіндік бар. Дегенмен тұрғындар нанмен, күрішпен және тұзбен ғана 100 пайыз қамтамасыз етілген. Халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар негізгі тауарлар сырттан тасымалдануда. Оларды өндіруге толық мүмкіндігіміз болғанымен, жұмыс жолға қойылмаған. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары Қызылорда қаласының, барлық ауданның әкімдерімен, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру бойынша нақты ұсыныстар берсін», – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, жиында инвестиция тарту, қалалардағы жағдайды жақсарту мәселелері талқыланды. Облыстық экономика және қаржы басқармасына барлық басқармалармен бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: