Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы ресми сапарында саммиттің ашылуына қатысты

17.01.2023, 15:10 222

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты. Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру.

Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ «COP27» конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

t.me/aqorda_resmi

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: