Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды мәселелер қаралды

09.08.2022, 10:45 157

HALYQLINE.KZ Қала әкімінің орынбасары Руслан Нұрмағамбетовтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың қатысуымен қала әкімдігінде арнайы жиын өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және аймақтарда туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге қатысты мәселелері талқыланды.

Жиын барысында Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы барлық салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталғын бірқатар атқарылатын шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған ішкі талдау жұмыстарын ұдайы жүргізу мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің түрлерін цифрландыру қажеттілігін ұсынып, тұрғын үй және жол құрылысы, ауыл шаруашылық салаларына тұрақты бақылау жүргізу керектігін жеткізді.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Руслан Аймұрзаұлы алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу және тәуекелдерін жою мақсатында бірлескен нәтижелі жұмыстар атқарылатындығын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: