Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды

01.07.2026, 14:50 68

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданда орын алған кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Жиында аудан басшысы бұған дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Алиев Жәнібек Алмасұлы бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде, аудан әкімінің өкімімен Қазалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлады. Сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурс өткізілместен, ауысу тәртібі арқылы бұған дейін Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары атқарып келген Сыдықов Жасұлан Жиентайұлы аудан әкімінің өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының лауазымына тағайындалғанын жеткізді.

Жәнібек Алмасұлы — 1981 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы Тұран университетін «Қаржы және несие» және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Салықшы» мемлекеттік мекемесінің маманы болып бастаған. 2009-2012 жылдар аралығында Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, Қазалы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2012-2024 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Жасұлан Жиентайұлы — 1987 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «РЗА» акцонерлік қоғамының мал дәрігері болып бастаған.

2010-2020 жылдары Сарбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы, Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, Әйтеке би кентінің ветеринариялық-санитар инспекторы, Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі болып еңбек етті. 2020 жылдан бастап аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аудан басшысы жаңа қызметке тағайындалған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысының алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, қызметтік міндеттемелеріне сәйкес нақты тапсырмалар жүктеді.

Мәжілісте аудан әкімі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік қызметтің жауапты саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жарылқап Бахытжан Дүзелбайұлын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: