Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коммуналдық төлемдер уақытылы төленуі тиіс

15.01.2023, 9:00 325

HALYQLINE.KZ Бүгін Шиелі аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен коммуналдық төлемдердің уақытылы төленуін қамтамасыз ету тақырыбында жиын өтті.

Жиынға ауылдық округ әкімдері онлайн форматта, ал бөлім, мекеме басшылары мен өкілдері оффлайн түрде қатысты. Басқосуда сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов тұрғындар және мекемелер тарапынан коммуналдық төлемдерге қалыптасқан қарыздың өтелуі керектігін баса айтты. Айтбай Жандарбеков те қарыздардың өтелуі кезек күттірмейтін мәселе екендігін атап өтіп, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім қызметкерлеріне осы бағытта жұмыс істеуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: