Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көшпелілердің жеті ұлы туындысы

21.03.2024, 10:40 365

Бабаларымыздың талай қуатты мемлекетті тізе бүктіріп, әлемнің жартысын жаулаған ерлікке толы тарихы бар. Олар жауынгер ғана емес, әлем өркение­тіне ұлы мұра қалдырған жасампаз да болды. Соның ең елеулі  жетеуін  таныстырып  өтейік.

1. ШАЛБАР

Біздің дәуірге дейінгі екінші ғасырға дейін адамдар кең көйлек, шапан және футболшыларға ұқсас тізеқап (гетр), немесе жіппен шандыған жіліншікқап тәрізді (лег­гинстер) киініп келген. Мұндай киіммен атқа мініп, жауға қарсы тұру өте қолайсыз болатын. Содан кейін бабаларымыз екі аяқтағы екі бөлек жүрген жіліншікқап, немесе тізеқапты біріктіру тәсілін ойлап тапты. Осылайша алғашқы шалбар жасалды және шалбарды көшпелілер алғаш ойлап тапқаны Орталық Азиядағы археологиялық қазбалар арқылы ғылымда толық  дәлелденген.

2. АТ АРБА

Әрине, көш­пенділер алды­мен жабайы жылқыларды үйретіп, оларды үй жануарларына айналдырды дегенге ешкім дау айтпайды. Бастапқыда сойып азық-түлікке пайдаланса, кейі­нірек мініп үйретіп көлікке, жүк тасымалдауға пайда­ланды. Ресейде, Моңғолияда және Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары үшінші және екінші мыңжылдықтардың соңында көшпелілер ат арбалар қолдана бастағанын растайды. IV ғасырда бір қабірден ат арбалардың төрт түрі табылды. Ал ассирия­лықтар  бұдан  500  жылдан кейін ат арбалы болған еді.

3. ҮЗЕҢГІ

Жылқыны мініске үйреткен соң атпен жылдам шауып, жақсы соғыса білу үшін атқа мықты отыру керек болды. Атқа жылдам мініп және құлап қалмауға арналған үзеңгіні көшпелілер ІV ғасырда ойлап тапты. Алдымен ол қайыстан жасалған, кейіннен темір үзеңгі пайда болды.

4. БЕЛБЕУДІҢ  АЙЫЛБАСЫ

Қазір әлемнің барлық елінде қолданылатын ортасында айылбасы бар қайыс белбеуді көшпелілер ойлап тапқан. Егер шапанның белін шүберекпен неме­се сүлгімен буып тоқтату­ға болса, шалбарды олай тоқтату қиын. Сондықтан, көшпелілер айыл­басы бар белбеу  жасап  қана қоймай, шалбарымен қоса пышағы, қанжары мен қылышын да байлады. Айыл­басы бар қайыс белбеу туралы алғаш скиф мифологияларында айтылады. Қару-жарақтан басқа, ұсақ-түйек дүниелерін де белбеуге қыстырып, іліп, тағып жүруі көшпелі өмір үшін өте пайдалы  еді.

5. ЕТІК

Ұзын қонышы бар былғары аяқкиім де көшпелілердің қолынан шыққан. Бұл аяқкиімдер үзеңгімен бірге пайда болған және атқа мінген кезде аяқты қорғауға арналған.

6. КИІЗ  ҮЙ

Үнемі кө­шіп-қонып жүретін далалықтар үшін үлкен тас үй, немесе ағаш үйлер салудың қажеті болмады. Көшуге, ұрыс кезінде тез жылжуға, киіз үйден артық қолайлы баспана  жоқ  еді.

7. КИІЗ

Киіз үйін орап қымтап жылыту үшін киіз басты. Киіз үйлер жылдың қай мезгілінде де жылы әрі жайлы  болды.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: