Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүріп жатыр

24.04.2026, 10:55 46

HALYQLINE.KZ

Cырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Жетікөл, Айдарлы ауылдарындағы «Жетікөл жарма» және «Ақтам» каналдарын механикалық тазалау жұмыстарымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына, мерзімінде орындалуына және техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударды.

Бүгінде елді мекендерді тұрақты аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жетікөл жарма» каналының 16,5 шақырымдық бөлігінде кешенді тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ақтам» каналының сағасы тазартылуда. Бұл жұмыстарға «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы арқылы 9 экскаватор, 4 ауыр техника, 1 бульдозер және 2 қосымша арнайы техника жұмылдырылған.

Бүгінде каналдардың 2,2 шақырымы тазартылды. Жұмысшы топ белгіленген жоспарға сәйкес канал арнасын кеңейту, түбін тереңдету жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларына және мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапасын арттыру, белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: