Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлер 10 мыңға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр

18.01.2023, 15:40 205

HALYQLINE.KZ Қазалыда ауданында 2022 жылы 20,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Аудан экономикасы жылдан жылға артып келеді. Мәселен, аудан бюджеті 22,6 млрд теңгеге жетіп, өз кірістеріміз 2,1 млрд теңгені құрады.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың бірден-бір көзі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінде ауданда кәсіпкерлердің саны 6121-ге жетті. Ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 1,7 пайызға көбейіп, 9366 адамды құрады. Өткен жылы жаңадан 25 кәсіпкерлік нысан бой көтерді. 382 жоба бойынша 4,3 млрд. теңге несие беріліп, кәсіпкерлерге қолдау шаралары көрсетілді. Аудан кәсіпкерлері тарапынан 7,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемі 2,8 пайызға өсті. Ал күнделікті сауда-саттықтың нәтижесінде бөлшек сауда айналымы 10,7 млрд. теңгені құрап, 4,5 пайызға көбейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: