Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ішкі саясат басқармасы жылдың қорытынды кешін өткізді

28.12.2021, 11:35 101

HALYQLINE.KZ  Өткен сенбіде облыстық жастар ресурстық орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында табысты жетістіктерді саралап, үздіктерді марапаттау үшін облыстық ішкі саясат басқармасы жылдың қорытынды кешін өткізді. Салтанатты шараға басқарма басшысы Мира Қазбекова, сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

– Биыл ішкі саясат саласында да үлкен өзгерістер мен айтулы жаңалықтар орын алды. Құрылымның құрамы өзгеріп, жұмыс жасау шеңбері артты. Биылдан бастап жаңа функциялар беріліп, жастармен жұмыс жасау, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастар бөлімдері ашылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстар бөлімдері біріктірілді. Сәйкесінше, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Қоғамдық келісім» мекемелері басқарманың құрылымына енді, «Рухани жаңғыру орталығы» коммуналдық мекеме ретінде қайта құрылды, – деді Мира Жомартқызы.

Нәтижесінде, бүгінде басқарма «Сыр медиа» ЖШС, «Рухани жаңғыру орталығы», «Қоғамдық келісім орталығы», «Жастар ресурстық орталығы», «Ақпараттық талдау орталығы», «Тілдерді оқыту орталығы», «Өңірлік коммуникациялар қызметі» секілді мекемелермен бірге жұмыс істеуде.

– Үлкен ұжымның бірлігі мен біліктілігін арттырып отыру – біздің басты ұстанымымыз. Осы бағытта, қызметкерлер арасында салауаттылық пен рухани дамуды қалыптастыру мақсатында алғаш рет спорттық турнир ұйымдастырылды. Оған барлық мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, өздерін жаңа қырынан танытты. Әсіресе, «Ақпараттық талдау орталығы», «Жастар ресурстық орталығы» және «Қоғамдық келісім орталығының» белсенділігін ерекше атап өту керек. Алдағы уақытта тек басқарма құрамымен ғана емес, қала және аудандық әріптестеріміздің қатысуымен осындай турнирлер, ұлттық ойындар, интеллектуалды сайыс, дебаттар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді және бір сөзінде басқарма басшысы.

Айта кетейік, алдағы жыл басқарма үшін мерейлі кезең болғалы тұр. Басқарманың құрылғанына 20 жыл толады. Шара барысында Мира Қазбекова басқарма қызметкерлеріне облыс әкімі мен басқарма басшысының алғыс хаттарын, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдар табыс етті. Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: