Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иорданиялық компания өкілдері жұмыс сапарымен келді

10.06.2024, 10:40 289

Иорданиялық «Alhusaini Group» компания мұздатылған тауық етін өндірумен, өңдеумен, маркетинг және таратумен айналысады.Іссапар аясында делегация өкілдері Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» ШҚ құс фабрикасы жобасының қызметін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында басшылығымен кездесті.

Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев компания өкілдерін қабылдап, облыстың инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

– Облыстың құс етін тұтыну қажеттілігі жылына 14,1 мың тоннаны құраса, оның барлығы сырттан әкелінеді. Қазіргі таңда аймақта 1 ғана құс фабрикасы жұмыс істейді, ол – Қармақшы ауданындағы «Қармақшы құс» фабрикасы. Өндіріс қуаттылығы облыс халқының 21%-ын ғана құс етімен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Құс еті әлеуметтік маңызы бар тамақтың бір түрі екендігін ескере отырып, аймақта тағы құс фабрикаларын ашу бағытында жұмыстар жүргізуге дайын екендігімізді жеткіземіз, – деді Ардақ Темірханұлы.

Кездесу нәтижесімен делегация Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағының жер телімдерімен танысып, облыстың инвестициялық әлеуеті туралы ақпараттар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: