Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықтың «Әділдік» сұранысы

23.04.2026, 16:55 106

Саясат айдынында «Әділет» партиясының пайда болуы жай ғана кезекті ұйымның тіркелуі емес, елдегі саяси монополияның іргесі сөгіле бастағанының нышаны. Сарапшылар бұл оқиғаны «саяси бәсекелестіктің жаңа кезеңі» деп бағалап отыр.

«Әділет» партиясының құрылуы Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси мультипартиялық қадамдардың логикалық жалғасы. Яғни, партия реформаларды сырттай бақылаушы емес, оның ішкі қозғалтқышы болуға ниетті екенін көрсетіп отыр.

Бүгінгі қоғамда «әділдік» ұғымына деген «шөл» бар. Халық саяси амбициялардан гөрі, әлеуметтік теңдікті, ашық билікті және жемқорлықсыз қоғамды қалайды.

Осы орайда, сенім капиталы партияның атауы, бұл оның ең үлкен мүмкіндігі әрі ең үлкен сынағы. Халық оны билікпен конструктивті диалог құра алатын, бірақ бұқараның мүддесін саудаға салмайтын партия ретінде көргісі келеді.

Саяси жаңғыру тек Астанада емес, өңірлердегі әрбір ауыл мен ауданда сезілуі тиіс. Ауылдағы ағайын жаңа партиядан үндестік іздейді, яғни жергілікті жердегі «иесіз» немесе «ауадағы» мәселелердің шешілуіне жол ашады деп үміттенеді.

Жалпы, бәсекелестікті жүйенің «емі» десек, көппартиялық жүйе тек сандардың өсуі емес, ол идеялардың қақтығысы. «Әділеттің» келуі ескі партияларды «комфорт аймағынан» шығуға мәжбүрлейді.

Саяси сахнада бәсеке болған жерде ғана депутаттар халық алдында есеп беруден қорықпайды, керісінше халықтың сенімінен айырылып қалудан қорқатын болады.

Партиялық сынақ неден басталады? Оның сәттілігі сол, тек реформаларды ғана қолдап қоймай, балама жолдар ұсына алуы керек. Сондай-ақ, инфляция, жұмыссыздық, әлеуметтік теңсіздік мәселелерінде партияның нақты «жол картасы» болуы тиіс.

Жаңа кезеңнің, жаңа партияның жауапкершілігі әрине, әрқашан ауыр. «Әділет» партиясының құрылуы билік үшін де, қоғам үшін де үлкен сынақ. Кәсіби тәжірибеміз көрсеткендей, кез келген саяси жаңғыру жүйе үшін қауіп емес, керісінше оны нығайтатын күш.

Егер «Әділет» халықтың көкейіндегі ойды билік мінберінде сауатты жеткізе алса және ауқымды диалог жүргізе алса онда оның ұтқаны. Жалпы саясат деген билікке таласу емес, мемлекетті бірге көркейту өнері. Сондықтан, бастамашыл топтың саяси қызметіне сәттілік тілеймін!

Нұрбек Дәуренбеков,

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: