Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық үніне құлақ асатын әкім

23.05.2022, 17:45 737

Қадірлі жерлестер!

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында facebook, instagram желісінде жеке аккаунтымды ашқаныма 1 ай уақыт болды. Осы кезге дейін мессенджеріме тұрғындар тарапынан 350-ден астам жазба келіп түсті. Оның ішінде ақжарма тілегін арнаған азаматтардан бөлек, жеке мәселелерімен 45 азамат өтініш білдірді. Сондай-ақ, әлеуметік салаларға қатысты 84 азамат өз мәселесіне назар аударуымды сұраған. Тұрғындардың көкейінде жүрген әрбір мәселені мұқият оқып, тиісті деңгейде зерделеу үшін қала, аудан әкімдері мен сала басшыларымен бірге қарайтын боламын.

Сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саланы қамтиды. Баса айту қажет, тұрғын үйлерді табыстау заң аясында, кезек тәртібімен беріледі. Ал, ауыз су желілерін жүргізу, газ тарту, жарық орнату, жол салу сипатындағы мәселелер бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып шешіледі. Бұл ретте инвестиция тарту, салық базасын кеңейту жұмыстарына басымдық береміз. Сол арқылы бірінші кезектегі ділгір мәселелерді шешуге мүмкіндік туады. Қазіргі таңда аймақ үшін өзекті мәселелер топтасқан арнайы іс-қимыл жоспары әзірленуде. Тұрғындарды алаңдатқан сауалдардың көбі осы жоспарда қамтылатын болады.

Құрметті жерлестерім!

Әрбір көкейкесті мәселе менің жіті назарымда. Тек жеке парақшамда ғана емес, облыс әкімдігінің ресми парақшасына жазылған жазбаларға да тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ортақ мүдде жолындағы ұсыныстарыңыз ескерусіз қалмайды. Туған жеріміздің өркендеуі жолында бірігіп, жұмыла қызмет етейік!

Нұрлыбек Нәлібаевтың фейсбук парақшасынан алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: