Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық тыныштығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың перзенттік парызы»

18.08.2021, 9:30 265 0

Қымбатты сырбойылықтар!

Қадірлі шекарашы сардарлар мен сарбаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай елдің болмасын, мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екені белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұланғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Тәуелсіздігімізді алған 30 жылдың ішінде еліміз мемлекеттік шекарамызды заңдық тұрғыдан халықаралық қауымдастық алдында мойындатты. Қол жеткен азаттықты елдің мықты әскері ғана қорғай алады десек, халық тыныштығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың абыройлы міндеті, перзенттік парызы. Осы тұрғыда кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған шекарашыларымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар.

Жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін еліміздің шекарасын күзету де оңай емес. Алайда елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне аса сақтықпен қарайтын жауынгерлеріміз өздеріне артылған жүкті абыроймен көтеріп келеді.

Қазіргі кезде алыс-жақын шетелдерде болып жатқан түрлі жағдайлар шекарашыларымызға бір сәт те босаңсуға болмайтынын көрсетеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді», – деген еді.

Құрметті шекарашылар!

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда еңбектеріңіз зор.Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш, шекарамыз берік болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: